Елімізде жылжымалы жұмыспен қамту орталықтары ашылуы мүмкін

13 Тамыз 2021, 12:54
777
Бөлісу:
Елімізде жылжымалы жұмыспен қамту орталықтары ашылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов айтты.

Халықтың ХЖҚО-мен өзара әрекеттесуі мен тіркеу процесі жеңілдетілді. Жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталықтарына бірнеше арна арқылы: ауыл әкімдері арқылы, телефон және электрондық пошта арқылы, Электрондық еңбек биржасы және электрондық үкімет порталы арқылы жүгіне алады. Жұмыссыз ретінде тіркелу мерзімі 10 күннен 1 күнге дейін қысқартылды. Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыз азаматтар үшін жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету «бір өтініш» қағидаты негізінде проактивті форматқа ауыстырылды. Азаматтар үшін мансаптық жоспарлауға көшумен атаулы және жеке тәсілді қолдану қамтамасыз етіледі. Жұмыс берушілер үшін ХЖҚО бармай-ақ бос жұмыс орындарын тіркеудің жеңілдетілген және көп арналы тәртібі енгізілді, – деді Дәулет Арғындықов.
Ел Президентінің тапсырмасы бойынша пандемия жағдайында жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн-форматта көрсетуге көшу жүзеге асырылды. Бұл «цифрлық жұмыспен қамту орталықтарын» құрудың бастапқы кезеңі.
2020 жылғы қарашадан бастап Электрондық еңбек биржасында азаматтар ХЖҚО-ға бармай-ақ, жұмыссыз ретінде тіркелу, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау және жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жолдамалар алу бойынша қызметтерді электрондық форматта ала алады. 2021 жылы ЭЕБ-да 68 мың азамат жұмыссыз статусын алды, ал олардың 17,6 мыңы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарында жұмысқа кірісті. Әрбір бесінші жұмыссызға жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем Электрондық еңбек биржасына жүгінгенінен кейін тағайындалды, - деді ол.
Ол атағандай, барлық жұмыспен қамту орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары құрылды, онда азаматтар ЭЕБ-да аталған қызметтерді өз бетінше пайдалана алады.
ХЖҚО қызметкерлері онлайн көрсетілген қызметтер бойынша барлық сұрақтарға жауап береді. 2021 жылдың соңына дейін Электрондық еңбек биржасында қызметтер тізбесі кеңейтілетін болады. Азаматтар «Еңбек» – «Ұрпақтар келісімшарты» және «Алғашқы жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламаларының жобалары бойынша жұмыс орындарына жолдамаларды электрондық форматта ала алады. Сондай-ақ 2021 жылы ЭЕБ-да мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ұйымдастырудың бизнес-процесі автоматтандырылады. Жұмыс берушілер онлайн режимде уақытша жұмыс орнын құруға өтінім бере алады, ХЖҚО - мен шарт жасасып, қатысушылар туралы мәліметтерді жұмыспен қамту орталығына жібере алады, – деп хабарлады ЕРДО Президенті.
Арғындықов атағандай, интернетке шығу проблемалары бар адамдар үшін мобильді жұмыспен қамту орталықтарын құру жоспарлануда.
Қызмет көрсетуді қашықтықтан форматқа көшіру ХЖҚО жұмысын жетілдірудің келесі кезеңі болады. Ең алдымен, бұл жұмыспен қамту орталықтарының неғұрлым талап етілетін қызметіне – бейнебайланыс құралдарын пайдалана отырып, нақты уақытта мәселелердің кең спектрі бойынша жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге консультациялар беруге қатысты. Бұл жұмыс 2022 жылы жүргізіледі деп жоспарлануда. Халықты көбірек қамту және шалғай ауылдық елді мекендердегі қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін немесе интернетке шығу проблемалары бар адамдар үшін мобильді (жылжымалы) жұмыспен қамту орталықтарын құру жоспарлануда, – деп толықтырды Дәулет Арғындықов.
Еске салсақ, бүгінгі брифинг барысында биыл 185 мыңнан астам адамның жұмыспен қамтылғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы