Бас жаңалықтар
Елімізде жұмыссыз қанша адам бар?
12 Тамыз 2019, 12:30 214

Елімізде жұмыссыз қанша адам бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы шілдеде республика экономикасында, бағалау бойынша 8,8 млн адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Cтатистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жұмыспен қамтылған халықтың арасында 6,7 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1%) жалдамалы қызмет бойынша жұмыспен қамтамасыз етілген.

2019 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 440,9 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2019 жылғы шілде айының соңына 172,7 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 1,9%-ын құрады.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2019 жылғы II тоқсанда жұмыс күшінің санының 0,3%-ын (30,4 мың адам) құрады. 

стат.jpg


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық