Бас жаңалықтар
Елімізде "Стоп-коронавирус" байқауы өтеді
26 Наурыз 2020, 18:30 309

Елімізде "Стоп-коронавирус" байқауы өтеді

Алматы, BAQ.KZ.  "Ғылым қоры" ұйымы "Стоп-коронавирус" онлайн-байқау өткізетіндерін мәлімдеді.

Коронавирус пандемиясы – бұл барлық адамзаттың ынтымақтастығына, жанашырлығына және берілген қиындықтарды бір ұжымдай бірлесе еңсеруіне қойылған сынақ. Осы тұрғыда "Ғылым қоры" ұйымы әлеуметтік белсенді және бей-жай қарамайтын барлық қазақстандықтарды "Стоп-коронавирус" онлайн-байқауға қатысуға шақырады. 

Біздің мақсатымыз – коронавирус пандемиясына қарсы тиімді ғылыми әдістер мен шешімдерді іріктеп алу. Байқау онлайн режимінде өтеді және оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Қатысушылардың жасы мен тұрғылықты мекен-жайы бойынша шектеулер жоқ, - делінген хабарламада. 

- Іріктеу кезеңі - 2020 жылдың 3 сәуіріне дейін  ұсыныстарыңызды сипаттай отырып, өтініміңізді "Тоқта-коронавирус" деген белгімен   келесі электрондық мекен-жайларға: anticovidkz@gmail.cominfo@science-fund.kza.daurenbekova@science-fund.kzd.yesmukhanova@science-fund.kz  сонымен қатар, келесі whatsapp нөмірлеріне: +7 777 235 51 20, +7 707 192 95 45, +7 777 756 77 44 жіберу керек. 

- Жобаларды қорғау 2020 жылдың 14 сәуіріне дейін. Іріктеуден өткен қатысушылар онлайн форматта таныстырылым жүргізіп, қазылар алқасының сұрақтарына жауап береді.

- Қорытынды шығару және жеңімпаздарды жариялау -  2020 жылдың 16 сәуіріне дейін. 

Байқау жеңімпаздарының  жобалары, идеялары  ҚР Үкіметіне жолданып,  сонымен қатар жаңа өнімді шығару  немесе қызметтерді ұйымдастыру мақсатында мүдделі инвесторларға ұсынылады, - делінген хабарламада.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...