Елімізде соңғы екі айда коронавирус жұқтыру деңгейі 4,5 есеге азайған
26 Қазан 2021, 09:22 37874

Елімізде соңғы екі айда коронавирус жұқтыру деңгейі 4,5 есеге азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Оның хабарлауынша, елімізде аурушаңдық деңгейі біртіндеп азайып келеді.

Бүгінгі күні сегіз өңір: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары мен Шымкент қаласы «жасыл» аймақта. Қазақстан Республикасы мен бес өңір – «сары» аймақта, олар: Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан қаласы. «Қызыл» аймақта: Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Ведомство басшысының айтуынша, репродуктивті мөлшер 0,96-ны құрап отыр.

Жалпы Қазақстанда соңғы екі айда аурушаңдық деңгейі 4,5 есеге, ал өлім-жітім 4,8 есеге қысқарған, - деді Алексей Цой.


Фото: дереккөз
Загрузка...