Бас жаңалықтар
Елімізде шетелдегі қазақтардың оқуына құжат қабылдау басталады
28 Ақпан 2020, 08:35 357

Елімізде шетелдегі қазақтардың оқуына құжат қабылдау басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде шетелдегі қазақтардың оқуына бұл жолы 550 грант бөлініп отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарламасы негізінде ҚР Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша еліміздің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.
Грант саны:
1. Бакалавриат – 490
2. Магистратура – 50
3. PhD докторантура – 10
Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы. 
·         Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде 2020 жылдың 1 наурызынан 1 маусымына дейін тапсыра алады.
·         Құжаттарды тапсыру бойынша қадамдық нұсқаулық.
·         Қазақстан бойынша гид.
·         Брошюра.
·         Толық оқу кезеңіне берілетін стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін өтініш қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тілінде толтырылады.
·         Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде келесі құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу керек:
Бакалавриат / магистратура білім беру бағдарламалары бойынша:
·         жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
·         алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (бағалар көрсетілген қосымшамен бірге) (нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы)
·         қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе;
·         үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыным хат;
·         үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
·         қазақстандық ЖОО-дан шақыру хат (бар болған жағдайда).
Бакалавриат / магистратура стипендиялық бағдарламасына қатысушы ЖОО тізімі
PhD докторантура:
·         жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
·         алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (бағалар көрсетілген қосымшамен бірге) (нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы)
·         қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе;
·         үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыным хат;
·         үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
·         қазақстандық ЖОО-дан шақыру хат (бар болған жағдайда).
·         қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тіліндегі диссертациялық зерттеу тақырыбына негіздеме
·         Шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат:
Ағылшын тілін меңгеру бойынша:
·         TOEFL ITP - кемінде 138 балл,
·         TOEFL IBT - кемінде 32 балл,
·         TOEFL PBT - кемінде 400 балл,
·         TOEFL PDT - кемінде 47 балл,
·         IELTS - кемінде 4.5;
Неміс тілін меңгеру бойынша:
·         DSH - Niveau В2/В2 деңгейі,
·         TestDaF-Prufung - Niveau В2/В2 деңгейі;
Француз тілін меңгеру бойынша:
·         TFI - оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес),
·         DELF - B2 деңгейі,
·         DALF - C1 деңгейі,
·         TCF - кемінде 400 балл.

Көрсетілген тілдер ана тілі болып табылатын тұлғаға шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат қажет емес.

Фото: дереккөз
Загрузка...