Бас жаңалықтар
Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірде жолдар жабылды
07 Желтоқсан 2019, 05:30 2609

Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірде жолдар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай өңірінде көліктің барлық түріне шектеу қойылып, тағы бірнеше өңірде жол жабылды, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметі.

Сонымен төмендегі бағыттағы жолдар жабылған:

 1. «Қостанай-Әулиеккөл-Сұрған» жолының 3-232 шақырымы, Қостанай қ. – Ақмола облысының аралығы (көліктің барлық түрі бойынша);

2. «Мәмлүт-Қостанай» жолының 180-330 шақырымы (көліктің барлық түрі бойынша);

3. «Екатеринбург-Алматы» жолының 589-729 шақырымы, Щербаков ауылы – СҚО аумағы (көліктің барлық түрі бойынша);

 4. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 232-260 шақырымы, Қостанай обл. – Сұрған ауылы учаскесі(көліктің барлық түрі бойынша);

5. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолының 0-82 шақырымы, Жақсы ауылы мен Бұзылық аралығы (көліктің барлық түрі бойынша);

6. «Жезқазған-Петропавл» жолының 377-552 шақырымы, Қостанай обл.- Сұрған аралығындағы учаске (көліктің барлық түрі бойынша);

7. «Екатеринбург-Алматы» жолының 856-1006 шақырымы, СҚО – Атбасар қаласы аралығы (көліктің барлық түрі бойынша);

8. «Самара-Шымкент» жолының 773-1153 шақырымы, Белогорка ауылы – Ырғыз ауылы аралығы (көліктің барлық түрі бойынша);

9. «Самара-Шымкент» жолының 1240-1357 шақырымы, Ақтөбе облысы – Арал қаласы аралығы (көліктің барлық түрі бойынша);

10. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы жолының 15-105 шақырымы, Белоусовка – Риддер аралығы (жүк және қоғамдық көліктер бойынша);

11. «Омбы-Майқапшагай» жолының 910-1002 аралығы, Қалбатау мен Көкпекті ауылдарының аралығы (жүк және қоғамдық көліктер бойынша);

12. «Алматы-Өскемен» жолының 780-1068 шақырымы, Аягөз қаласы мен Қасым Қайсенов кенті аралығы (жүк және қоғамдық көліктер бойынша);

13. «Өскемен-Семей» жолының 7-198 шақырымы, Герасимовка ауылы мен Семей қаласының аралығы (жүк және қоғамдық көліктер бойынша).

Сонымен қатар, соңғы мәлімет бойынша ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола облысында репсубликалық маңызы бар жолдың Щуче-Зеренді (0-47 шақырым) аралығындағы учаскесінде көліктің барлық түрі бойынша жол жабылған.

Жол үстінде қандай да бір күрделі жағдайға тап болсаңыз +7 7172 444 777, сонымен бірге диспетчерлік қызметтің WhatsApp қызметі бар +7 771 744 47 77 нөміріне хабарласуыңызға болады, - делінген хабарламада.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...