Елімізде қатерлі індеттен жазылғандар саны 50-ден асты

7 Сәуір 2020, 23:33
1070
Бөлісу:
Елімізде қатерлі індеттен жазылғандар саны 50-ден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 51-ге жетті.

Қазіргі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында - 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 55 адам, Ақмола облысында - 42 адам, Атырау облысы - 32 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 54 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 33 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 685 науқас тіркелген.

Қайтыс болғандар саны - 6 адам.

Өзгелердің жаңалығы