Етті қай өңір тұрғындары көп тұтынады?

8 Қазан 2019, 15:21
2517
Бөлісу:
Етті қай өңір тұрғындары көп тұтынады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда биыл ет пен ет өнімдерінің бағасы қымбаттады. Тауық етінің бағасы шамамен 20%, ал сиыр етінің бағасы 15% өсті. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады. 

Елімізде соңғы 3 айда ет өнімдерін сатып алу көрсеткіші барынша түсті. Бәрінен бұрын еліміздің нарығында тауық еті 20% жуық қымбатаған. 1 келі тауық еті 800 теңгені құрап тұр. Ет өнімдері бағасының өскенін сиыр етін сатып алу деңгейінің 6% төмендегенінен байқауға болады. Ауыл тұрғындарының да ет өніміне деген сұранысы 4,5% төмедеген. Ал қала тұрғындарының ет сатып алудағы көрсеткіші өзгермеген.

Айта кетсек, өңірлер арасында негізгі ет тұтынатындар Қарағанды облысының тұрғындары болып шықты, бір адамға шаққанда 23 келіге жуық ет өнімі тұтынылады. Жалпы алғанда, еліміздің орташа тұрғыны 19 келі ет тұтынады. Сонымен қатар, сүр бойдақтар ет өнімін көп тұтынатындар қатарында – бір адамға шамамен 36 келіні құрайды. Екі немесе одан да көпбалалы отбасында әрбір мүшесіне 2 есе аз ет өнімін тұтынады.
Өзгелердің жаңалығы