Елімізде екі медбике коронавирус жұқтырып алды

31 Наурыз 2020, 09:55
2539
Бөлісу:
Елімізде екі медбике коронавирус жұқтырып алды

Алматы, BAQ.KZ.  Қазақстанда екі медбике науқастардан инфекция жұқтырып алды. Тәжірибе көрсеткендей әлемнің барлық елінде қауіпсіздік шараларына қарамастан дәрігерлер қатерлі топқа жатады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Мамандардың айтуынша, дәрігерлердің инфекцияны жұқтырып алуына иммунитеттерінің төмендеуі себеп болып отыр.

Елімізде алғаш медбикенің коронавирус жұқтыру жағдайы Атырау облысында тіркелген. Ол 17 наурыз күні Алматы арқылы Стамбұлдан ұшып келген қыздан қан сараптамасын алған поликлиника қызметкері. Қазіргі таңда медбикемен 27 адамның байланыста болғаны анықталып, барлығы карантинге жабылған.

Осындай тағы бір жағдай Қызылорда облысында тіркелді. 23 жастағы медицина қызметкері де науқастан инфекция жұқтырып алған.
Қала тұрғыны поликлиниканың бірінде жұмыс істейді. Ол қарап жүрген науқастан коронавирус анықталды. Медбике тамағы ауыратынын ғана айтады. Температурасы қалыпты, тыныс алу бойынша қиындықтар жоқ, жөтелі де жоқ, - дейді Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусаметов.

Онымен байланыста болған16 адам түгелдей карантинге жатқызылған.
Өзгелердің жаңалығы