Елімізде ауыл шаруашылығы өнімі 7% қымбаттады

30 Шілде 2019, 06:26
2687
Бөлісу:
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімі 7% қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың маусым айында ауыл шаруашылығы өнімі 7% қымбаттады. Бұл туралы Статистика комитетінен хабарлады.

Сонымен, ағымдағы жылғы маусымда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 7%, өсімдік шаруашылығы өнімі - 9,6% қымбаттады, ал мал шаруашылығы өнімі - 0,2% арзандады.

Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда баға қарақұмыққа 3,3% төмендеді, ал бидайға 18,9%, арпаға - 8%, жүгеріге - 5,5%, сұлыға - 3,1%, күрішке - 1%, қара бидайға - 0,7% өсті.

Қияр 13,5%, картоп - 5,8%, қызанақ - 1%, асханалық сәбіз - 0,6%, қырыққабат - 0,4% арзандады, ал асханалық қызылша 4,9%, басты пияз - 1,7% қымбаттады. Баға кептірілген бұршаққа 22,6%, күнбағыс тұқымына - 15,9% өсті, ал кептірілген жасымыққа 3,5% төмендеді.

Баға жылқы етіне 4,3%, ірі қара мал етіне - 3,7%, қой және шошқа етіне - 2,2%-дан, құс етіне - 0,9% өсті. Тауық жұмыртқа 17%, бал - 3,8%, қойдың жүні - 2,7% арзандады, ал шикі сүт 1,2% қымбаттады.

Өзгелердің жаңалығы