Бас жаңалықтар
Коронавирус. Тәуліктік нәтижелер күн сайын жарияланатын болады
05 Тамыз 2020, 07:33 477

Коронавирус. Тәуліктік нәтижелер күн сайын жарияланатын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. ⠀

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 597 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 172 өскіншек бала бар. Стационарларда  6 351 науқас жатыр. 21 246  адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 172 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 26 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.

62bb0f38-0a31-49cc-b3a6-7f6e5b8a482b.jpg

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...