Бас жаңалықтар
Елімізде 2020 жылдан бастап бірыңғай әлеуметтік пакет беріледі - министр
12 Қыркүйек 2019, 00:17 575

Елімізде 2020 жылдан бастап бірыңғай әлеуметтік пакет беріледі - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов министрліктің алқа отырысында айтты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық сұхбат - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері жөніндегі алқа отырысы барысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов бейнеконференцбайланыс режимінде облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдері орынбасарларының алдына атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындау және 2020 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.

«Бүгінгі күні 403 мыңға жуық отбасыға немесе 2 миллионнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, олардың 62,5% -ын балалар құрайды. Бюджеттік қаражаттың үлкен көлемі өңірлерде игерілуде. Биылғы жылы елде АӘК төлеуге 204 миллиард теңге көзделген. Осыған байланысты атаулылық және мұқтаж отбасыларға атаулы көмек көрсетудің ашықтық мәселелері ерекше назар аударуды қажет етеді», - деді министр.

Біржан Нұрымбетов АӘК тағайындау мен төлеудің дұрыстығына мониторинг нәтижесінде 72 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушылар табысы туралы жалған мәлімет бергені анықталғанын атап өтті.

Министр сондай-ақ, әлеуметтік көмекті қажет ететіндер алуы тиіс екенін атап өтті.

«Еңбекке қабілетті АӘК алушыларды жұмыспен қамту мәселесіне жеткіліксіз назар аударылады. Мәселен, еңбекке қабілетті 523 мың адамның 111,3 мың адамы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жатады, оның ішінде 47 мың бос жұмыс орны болған жағдайда ғана 13,1 мың адам жұмыспен қамту шараларына тартылды, тек 39,6%-ы ғана жұмысқа орналастырылды Әлеуметтік келісімшарттар 88,7 мың адамға жасалды. Осылайша, біз жергілікті жерлерде қайта оқыту мен жұмысқа орналастыру шараларын көрсетудің орнына ақшалай көмек көрсетуді басым екенін көріп отырмыз.

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында біздің алдымызға АӘК көрсетудің ашықтығын, әділдігін және оларға еңбек уәждемесін қамтамасыз ету үшін атаулы әлеуметтік көмек беру механизмін түзету бойынша міндет қойды.

«Министрлік осы бағытта жұмыс атқаруда, Сіздер де тыс қалмауларыңыз қажет, атаулы әлеуметтік көмек бойынша ағымдағы жағдайды ескере отырып, екі күндік мерзімде Министрлікке ұсыныс енгізуді сұраймын»,- деді Нұрымбетов.

Ол, сондай-ақ 2020 жылдан бастап бірыңғай әлеуметтік пакет белгіленетінін айтты, оған мектепке дейінгі ұйымдардың балаларына тұрақты көмек көрсету, оқу жылы кезеңінде оқушыларды тамақтанумен және мектеп керек-жарақтарымен, формамен, тегін жол жүрумен, сондай-ақ медициналық көмекпен қамтамасыз ету кіретінін атап өтті.

«Жергілікті жерлерде «жалпыға міндетті оқу» бағдарламасы бойынша мектептерді ағымдағы ұстауға бюджеттен қаржыландыру көлемі 1% -дан аспайды. Бұл қаражат жеткіліксіз. Бүгін АӘК алушылар құрамында 1 миллионнан астам бала, олардың қатарында 620 мыңнан астамы мектеп оқушылары бар. Осы мәселелерге қазір назар аудару керек, жергілікті жерлерде бюджеттің «жалпыға міндетті оқу» бағдарламасын қаржыландыру көлемін 2%-дан астамға жеткізу мүмкіндігін қарастыру қажет» - деп атап өтті министр.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық