Елімізде 2 млрд ағаш отырғызылады
25 Қазан 2021, 17:33 14999

Елімізде 2 млрд ағаш отырғызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады. 

Оның айтуынша, Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында бірнеше шара көзделген.

Балық ресурстарының табиғи популяциясын 224 мың тоннаға дейін ұлғайту және жерсінуі кемінде 65% болатын 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі іс-шаралар атқарылады, - деп атап өтті Экология министрі.
Сондай-ақ министр «Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің санын қалпына келтіру» міндеті шеңберінде тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін азық базасын құрылатындығын алға тартты.
«Іле – Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватта қабан, тоғай бұғысы, елік санын ұлғайту көзделеді. Азық базасын құру үшін биотехникалық іс-шаралар жүргізу, интродукциялау және реинтродукциялау бойынша биологиялық негіздемелер әзірлеу, сақтау орталықтарын және басқа да жобалар іске асырылады, - деді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық паркі құрылатындығы туралы жазған болатынбыз.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...