Елеусіновтің болашақ қарсыластары кімдер болатынына болжам жасалды

13 Қаңтар 2021, 23:50
1271
Бөлісу:
Елеусіновтің болашақ қарсыластары кімдер болатынына болжам жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Данияр Елеуінов (10-0, 6 КО) үшін 2021 жыл табысты болу керек. Мұндай пікірді Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында Delcotimes.com порталының журналисі Джек МакКаферри айтты. 

Елеусінов өзін мықты екенін көрсетті. Биыл бұл жігіттен жақсы нәтиже күтуге болады. Эдди Хирн биыл оны чемпиондық жекпе-жекке шығарады деп сенемін. Тезірек болса тіпті жақсы болар еді. Жалпы Елеуінов Хирнмен келісімшарт жасап, жолы болды. Ол әлемдегі ең мықты промоутерлердің бірі. Ол өзінің боксшыларына жақсы қарап, керемет мүмкіндіктер жасап жатыр. Енді барлығы тек Даниярдың қолында. Ол чемпион атанатын мүмкіндікке ие болады. Елеусіновтің биыл Каваляускас немесе Гарсиямен шыққаны қызық болады. Рейтингте жоғары көтерілу үшін жақсы қарсыластар. Оның үстіне бұл кездесулерде Данияр да өзінің қаншалықты мықты екенін көретін еді, - деді МакКафери. 

Айта кетейікі, амеиркалық боксшы Дэнни Гарсия желтоқсан айында отандасы Эррол Спенспен WBC және IBF белбеулері үшін жекпе-жек өткізіп, жеңіліп қалды. Ал литвалық Эгидиюс Каваляускас болса WBO белбеуін иегері америкалық Теренс Кроуфордпен кездесіп, нокаутқа түскен болатын. Бұл жігіттердің барлығы да Елеуінов жұдырықтасатын салмақта. 

Ал отандасымыздың өзі 28-қараша күні намибиялық Джулиус Индонгомен (23-3, 12 КО) кездесіп, нокаутпен жеңіске жетті. Бұл айқаста Елеусінов жартылай орта салмақта IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды. Осы жеңістен кейін қазақ боксшысы BoxRec рейтингінде 39-орыннан 26-орынға көтерілді. 

Өзгелердің жаңалығы