Елена Рыбакина Аделаида турнирін жеңіспен бастады
3 Қаңтар, 14:41 446

Елена Рыбакина Аделаида турнирін жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида (Аустралия) 500 WTA турнирін жеңіспен бастады.

Осы доданың 7-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 132-орында тұрған аустралиялық Сторм Сандерспен өткізді. 

Бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:4. 

Екіншісінде аустралиялық спортшы 6:1 есебімен есе қайырса, үшінші, шешуші сетте Е.Рыбакина қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:1. 

Екі сағатқа созылған бәсеке барысында Елена 9 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды. 

Қарсыласы 5 эйс, 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) шектелді. 

Е.Рыбакинаның екінші айналымдағы қарсыласы кейін анықталады. 

Жүлде қоры 535 мың АҚШ долларына бағаланған аталмыш дода 9 қаңтарда мәреге жетеді. 

Өткен жылы мұнда Польша өкілі Ига Свентек швейцариялық Белинда Бенчичті 6:2, 6:2 есебімен ұтып, жеңімпаз атанған болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...