Жатақханаға электр энергиясы заңсыз беріліп келген

12 Ақпан 2019, 11:34
1915
Бөлісу:
Жатақханаға электр энергиясы заңсыз беріліп келген

Астана, BAQ.KZ. Астанада жатақхана электр энергиясымен заңсыз қамтамасыз етіліп келген. Бұл туралы электр тоғының тұйықталуынан орын алған өрт барысында белгілі болды.

«Астана» телеарнасының хабарлауына қарағанда, Астанадағы жатақханада газды түтіннен уланған 4 баланың екеуі дәрігерлердің бақылауында. Дәл қазір өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оларды медициналық орталыққа өткен сенбіде жеткізген.

«Ересек екі баланың жағдайы тұрақталған соң анасы үйіне алып кетті, ал екі кішісі қазір кешенді соматика бөлімшесінде бақылауда. Жағдайлары жақсы, тұрақты. Балалар ертең немесе арғы күні үйлеріне шығады», – деді Астана қаласының №2 балалар клиникасының бас дәрігері Біржан Досмайылов.

Естеріңізге сала кетейік, елордалық төтенше жағдайлар департаментінде өрттің алдын ала себебі туралы қысқаша ақпарат берілді. Екі қабатты жатақхананың тұрғындары 1-қабаттағы электрлік коммутатордың өртенуі сағат 9:00-де орын алып, ғимараттан терезеден шығуға мәжбүр болғандықтарын айтты. Тұрғындардың сөзінше, 14 пәтерлі жалдамалы үйде электрмен жабдықтауда бұрын да проблемалар болған. Сондай-ақ электр энергиясы заңсыз тартылғаны айтылды.

«Бірнеше күн бұрын ғана токтың тұйықталу проблемасы болған. Бізде жарық заңсыз жанып тұр. Жалға берген пәтер иесі электр энергиясын ұрлап қосады. Ал бізге «электр энергиясы» деп түсіндірген. Енді бұған біз кінәлі емеспіз ғой. Біз пәтер ақысын ғана төлейміз. Қазіргі уақытта барлық затымыз өртеніп кетті, баратын жеріміз де жоқ. Ол тағы жөндеу жұмыстарына деп 70 мың сұрайды», – деді Гүлнар Шығанбаева есімді тұрғын.

Өзгелердің жаңалығы