Бас жаңалықтар
Елдегі жағдай "инфекцияның үйде таралуы" деңгейіне өтті - Цой
30 Маусым 2020, 11:26 1834

Елдегі жағдай "инфекцияның үйде таралуы" деңгейіне өтті - Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шараларға арналған онлайн брифинг барысында айтты.

Коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігіне айтарлықтай әсер қалдырды. Бірқатар шет мемлекеттердегі қиын жағдайға қарамастан, мемлекет негізгі күшті шекарадағы санитарлық күзетке бағыттап, сырттан келетін инфекция көздерінің алдын алды. Қазіргі таңда елдегі жағдай "инфекцияның үйде таралуы" деңгейіне өтті. Вирус халық арасында таралып жатыр. Өкінішке қарай, әрбір отбасы осы вируспен бетпе-бет келді деп айтуға болады. COVID-19 инфекциясының таралуы күн сайын артып келеді. 30 маусымдағы есеп бойынша елімізде 40 мыңдай адам вирус жұқтырған. Соңғы кездері медициналық орталықтар үздіксіз жұмыс істеп жатыр, медицина қызметкерлері де науқастармен үнемі байланыста болғандықтан, өздері де ауырып қалып жатыр. Бұл кадр тапшылығына әкеліп соғуда. Бірақ, қажетті құралдар жеткілікті, соның негізінде жұмыс істеліп жатыр, - деді ол.

Министр үкіметтің жаңа шаралар пакеті жағдайды тұрақтандыруға септігін тигізетінін айтты. 

Денсаулық сақтау жүйесі елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының барометрі болып қала бермек. Жағдайды зерделеу - пациенттер күнделікті өмірде кездесіп жататын негізгі проблемалардың барын көрсетті. Осы орайда дәрі-дәрмек тапшылығы, әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде таларып жатқан провакациялық хабарламалардың соңы халықтың дәрілерді (дене қызуын түсіретін дәрілер) артығымен сатып алуына алып келгенін айта кету керек. Саладағы мұндай дүрбелең ескеріліп, дәрілік заттарды сатып алу және жеткізу ережелерін қайта қарау жөнінде шешім қабылданды. Отандық өндірушілер дене қызуын төмендететін дәрілік заттардың ірі партиясын жеткізді. Сондай-ақ, 70 мың қорап "Ингавирин" және 49 мың қорап "Терафлю" препараттары жеткізілді, апта соңына дейін олар қоймаларға жетіп, одан әрі өңірлерге жіберілетін болады, - деді Цой.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...