Елдегі індетпен ауырып жатқандардың 43 пайызы екі қалаға тиесілі

29 Маусым 2021, 09:35
4457
Бөлісу:
Елдегі індетпен ауырып жатқандардың 43 пайызы екі қалаға тиесілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүкіл республикадағы сырқаттану көрсеткішінің 43 пайызы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

26 маусымнан бері еліміз «қызыл» аймақта тұр. «Қызыл» аймақта 5 өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстары. «Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Ал «жасыл аймақта»: Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары, - деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, соңғы аптаның ішінде коронавирус инфекциясының 39 пайыз өсімі байқалып отыр.

Күн сайын стационарлардағы төсектердің жүктелімі де көбейіп келеді. Республика бойынша инфекциялық төсектердің жүктелімі 29 пайызға, реанимациялық төсектердің жүктелімі 24 пайызға жетті. Республикадағы сырқаттану көрсеткішінің өсімі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы 1,7 пайыз өсіммен байланысты. Бұл бүкіл республикадағы сырқаттану көрсеткішінің 43 пайызына тең, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы