Елбасы Швейцария президентімен кездесті

22 Қараша 2019, 18:33
2126
Бөлісу:
Елбасы Швейцария президентімен кездесті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Швейцария президенті Ули Маурермен кездесті. Бұл туралы Елбасының ресми парақшасында хабарланды.

п1.jpg

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Швейцария арасында экономиканың түрлі салаларында жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті.

Қазақстанға қош келдіңіз. Сіздердің елдеріңізге бірнеше рет бардым. Швейцария – Қазақстанның ірі және маңызды сауда серіктестерінің бірі. Біздің елімізді әрқашан қолдап келесіздер. Осы ынтымақтастықты одан әрі жалғастырған жөн. Бізде швейцариялық бизнесті қызықтыратын жобалар көп, - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

п3.jpg

Өз кезегінде Ули Маурер Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанға жасап жатқан ресми сапарынан алған әсерімен бөлісті.

Біздің елдеріміздің қарым-қатынасы өте жақсы. Бүгін таңертең мазмұнды әрі жемісті кездесулер өткіздім. Қазақстанмен бірлесе отырып дамытатын көптеген жобаларды талқыладық, - деді Швейцария президенті.

Өзгелердің жаңалығы