Ел чемпионаты. Түркістан құрамасы Атырауды 8:1 есебімен ұтты

4 Сәуір 2021, 13:15
3334
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Түркістан құрамасы Атырауды 8:1 есебімен ұтты
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы мен Шымкент қаласы құрамаларының ойынсыз жеңісінен кейін алаңғы Түркістан облысы құрамасы мен Атырау облысы құрамалары шықты.

Елдегі ең таңдаулы дейтін қос команда өте жақсы ойын көрсетті. 

Ел чемпионаты. Түркістан құрамасы Атырауды 8:1 есебімен ұтты

Жігіттердің дайындығы жақсы. Кім болса да сайыс болған соң жеңемін деп келеді. Бізде де сондай талап бар.

Ел чемпионаты. Түркістан құрамасы Атырауды 8:1 есебімен ұтты

Қарсылас командамыз да осал емес. Белді ойыншылар. Дегенмен, бұған дейін де ойындарда үнемі кездесіп, бір-бірімен сыралғы болған командалар. Ең бастысы ойын кезінде адам мен ат аман болсын. Қалғанын уақыт көрсетеді. Түркістаннан жеңіс үшін келгенімізді атап өткім келеді, – дейді Түркістан облысы құрамасының жаттықтырушысы, белгілі көкпаршы Бақтыбай Шырынқұлов.

Ел чемпионаты. Түркістан құрамасы Атырауды 8:1 есебімен ұтты

Шынырқұловтың жігіттері шынайы ойын көрсетті. Ойынның алғашқы айналымында есепті 5:1-ге жеткізген түркістандықтар, екінші айналымда есепті еселей түсті. Ойын 8:1 болып аяқталды. Салымгер шабандоздарды атамас бұрын, қос команданың құрамымен таныс болайық.

Ел чемпионаты. Түркістан құрамасы Атырауды 8:1 есебімен ұтты

Түркістан облысының құрама командасы

Айтбаев Темірхан – мінген аты «Намыскөк»
Айтан Дәулет – «Тұран қасқа»
Омаров Нуркен – «Оқжетпес»
Джамалбеков Арман – «Қаракер»
Асқаров Нұрлыбек – «Құрма»
Мырзабаев Нұржігіт – «Елу бес»
Сайдулла Асланбек – «Қаршыға»
Смаил Бекболат – «Жарнама»
Шекербеков Бекболат – «Сұркөжек»
Шекербеков Ерболат – «Найза»
Сабыров Бәйдібек – «Сұңқар»
Мамыт Әділет – «Ақмолақасқа»

Атырау облысының құрама командасы

Ұлықпанов Абылай – мінген аты «»Байторы»
Алипбаев Ынтымақ – «Гүлсары»
Әзімбай Бақытжан – «Бөрте»
Бураханов Заманбек – «Еркеторы»
Жиенқұлов Эльдар – «Малыш»
Каденов Қуаныш – «Нарынкөк»
Байтуреев Ұлан – «Қаратау»
Сүлейменов Қайыржан – «Таңкүрең»
Жүнісов Алмат – «Найман»
Мақсұт Айдар – «Жайық көк»
Айтбай Жасұлан – «Мерке жирен»
Ерехан Нұржан – «Бесқасқа»

Ел чемпионаты. Түркістан құрамасы Атырауды 8:1 есебімен ұтты

Қос командаға төрелік еткендер – ортадағы төреші Нұрдәулет Момынов, қапталдағы төрешілер – Салмаев Бейбіт, Әлиев Жасұлан және Асқаров Айдын.

Ел чемпионаты. Түркістан құрамасы Атырауды 8:1 есебімен ұтты

Ал салым салған шабандоздарға келер болсақ:

Атырау облысы құрамасының қоржынындағы бір салымды Жиенқұлов Елдар салса, Түркістан құрамасының 8 салымының үшеуін Айтбаев Темірхан, екеуін Шекербеков Бекболат салды. Сонымен қатар, Асқаров Нұрлыбек, Смаил Бекболат және Сабыров Бәйдібектер бір-бір салымға қол жеткізді.

Ел чемпионаты. Түркістан құрамасы Атырауды 8:1 есебімен ұтты

Өзгелердің жаңалығы