Ел чемпионаты. Қызылорда құрамасы Атырауға жол берді

1 Сәуір 2021, 14:16
2820
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Қызылорда құрамасы Атырауға жол берді
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласы маңындағы Бестөбе атшабарында өтіп жатқан ел чемпионатының үшінші күні алаңға шыққан көкпар командаларының ойынын Атырау облысы құрамасы мен Қызылорда облысы құрамасы жалғастырды.

Атырау құрамасы - еліміздегі белді командалардың бірі. Алғашқы ойында Түркістан құрамасына жол берсе де, кеше СҚО құрамасын 17:1 есебімен ұтқан еді.

Бүгін де мұнайлы өлкенің жігіттері алаң тізгінін қолға алды. Алғашқы айналымның өзінде есепті 7:0-ге жеткізген атыраулықтар екінші айналымда тіпті дес бермеді.

Ел чемпионаты. Қызылорда құрамасы Атырауға жол берді

Ойынның екінші айналымында да Қызылорда құрамасы тым мықты ойын көрсете алмады. Керісінше Атырау жігіттері қарқынды үдете түсті. Өз күштерін танытуға барын салған шабандоздар ойын соңында есепті 12:1-ге бір-ақ апарды.

Ел чемпионаты. Қызылорда құрамасы Атырауға жол берді

Сонымен, қос команданың нәтижесіне көз жіберсек. Алғаш болып есеп ашқан атыраулық шабандоз Ынтымақ Әліпбаев 5 салым салса, Елдар Жиенқұл мен Алмат Жүнісов екі-екіден салым салды. Сонымен қатар Қайыржан Сүлейменов, Айдар Мақсұт және Жасұлан Айтбай бір-бір салымға қол жеткізді. Ал Қызылорданы 0-ден құтқарып қалған шабандоз - Наурызқожа Әмзеев.

Осы ойында Атырау облысының тағы бір ойыншысы кешегі жетістікті сақтап, 5 салым салды. Бүгінгі көп салым салған Ынтымақ Әліпбаев болды.

Өзгелердің жаңалығы