Ел чемпионаты. Алматы қаласы Алматы облысын ұтты

4 Сәуір 2021, 11:43
2856
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Алматы қаласы Алматы облысын ұтты
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Ел чемпионатының бесінші күні екінші болып алаңға шыққан Алматы қаласы мен Алматы облысы құрамалары өзара мықтыны анықтады.

Ел чемпионаты. Алматы қаласы Алматы облысын ұтты

Жетісу жігіттері мен оңтүстік астана сайыпқырандары жақсы ойын көрсетті. Ойынның алғашқы айналымында бір-біріне есе жібермеуге барын салған қос команда бір-бір салым салып, тең аяқтады. Дегенмен көкпардан хабары бар көрермен Алматы қаласы құрамасының басымдықта екенін байқар еді. 

Ойынның екінші айналымында Алматы қаласы жігіттері барын салды. Соның нәтижесінде тағы 2 салым салып, есепті 3:1-ге жеткізді.

Ел чемпионаты. Алматы қаласы Алматы облысын ұтты

Ал бұл ойында өнер көрсеткен құрамалардың сапы мынадай:

Алматы облысының құрамасы

Смағұл Нұрсұлтан – мінген аты «Тұрпан қара»

Абдрахманов Талғат – «Қаршыға»

Жаманқара Самат – «Мың қазақ»

Қыстықбеков Талант – «Ақтанау»

Тохтарбаев Ержанат – «Дәубас»

Сейтқалиев Азамат – «Керім ағаш»

Әшімов Аслан – «Жұлдыз»

Мұғыжаров Бауыржан – «Жетісу қара»

Бостанбеков Алишер – «Тұман»

Тобажан Жанарыс – «Елен»

Жандәулет Қадырнұр – «Оқжетпес»

Құралбаев Әділет – «Ақ кеме»

Ел чемпионаты. Алматы қаласы Алматы облысын ұтты

Алматы қаласының құрама командасы

Қанат Марлен – мінген аты «Бақанас»

Азатбек Думан – «Сүлікқара»

Тоқбаев Нұржан – «Бесқасқа»

Жұмашев Тахир – «Байторы»

Абсаметов Ақтілек – «Шеңгелторы»

Бақтыбай Шыңғыс – «Орақбас»

Камилов Сұлтан – «Золотой»

Ерғали Бағжан – «Боран»

Шарқабаев Азамат – «Көк ойнақ»

Жексенбаев Санжар – «Жұлдыз»

Құдайберген Еркебұлан – «Ақкеме»

Әлімбаев Шыңғыс – «Гүлсары»

Ел чемпионаты. Алматы қаласы Алматы облысын ұтты

Қос команданың ойынына төрешілік жасағандар – ортадағы төреші – Нұрхан Айтбаев, қапталдағы төрешілер – Салмаев Бейбіт, Жеткеров Зиябек, Әлиев Жасұлан.

Екі командада салым салған шабандоздарды атар болсақ. Алматы қаласының еншісіндегі үш салымды да команданың белді ойыншысы Әбсеметов Ақтілек салса, облыстағы бір салымды Жаманқара Самат салды.

Ел чемпионаты. Алматы қаласы Алматы облысын ұтты

Өзгелердің жаңалығы