Бас жаңалықтар
Экономиканың қалпына келу серпіні өндірістің барлық саласында байқалды – Мамин
12 Мамыр 2021, 10:03 289

Экономиканың қалпына келу серпіні өндірістің барлық саласында байқалды – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.

Биылғы жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы өсу жолына түсті. Қабылданған шаралардың арқасында экономиканың, оның ішінде, қызметтер мен тауарлар өндірісінде өсудің оң қарқыны қамтамасыз етілді. Биылғы жылғы қаңтар-сәуірдегі ұлттық өндірістің өсу қарқыны плюс 0,7 пайызды құрады, - деді ол.

Премьер-министр экономиканың қалпына келу серпіні өндірістің барлық саласында байқалатынын айтты.

Жалпы ішкі өнімнің өсуіне шикізаттық емес сектор ең үлкен үлес қосты. Биылғы жылғы 4 айдың нәтижесі бойынша өңдеу өнеркәсібінде өсу 7,7 пайызды құрады. Бұл - соңғы 10 жылдағы ең жоғары өсу қарқыны, - деді ол.

Мамин ауыл шаруашылығында өсу қарқыны 3% құрағанын айтты.

Құрылыс секторында құрылыс материалдарының өндірісін 26,5%, құрылысты 12,5% және тұрғын үйді пайдалануға беруді 13,3 пайыз немесе 3,5 млн шаршы метрді қоса алғанда, өсудің жоғары қарқыны қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығында өсу қарқыны 3% құрады. Саланың тартымдылығы өсуінің арқасында негізгі капиталға салынған инвестиция - ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдерінің өндірісінде 50%-дан астам артты, - деді ол.

Мамин тау-кен өндірісін есепке алмағанда, экономикада негізгі капиталға салынған инвестиция 32,3 пайызға өскенін де атап өтті.


Фото: дереккөз
Загрузка...