Экономика министрлігі азаматтарды Ұлттық жобаларға атсалысуға шақырды

Экономика министрлігі азаматтарды Ұлттық жобаларға атсалысуға шақырды
2862

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҰЭМ Жобалық басқару саясаты департаментінің директоры Илона Шварцкопф айтты. 

 Сондай-ақ ол Ұлттық жобаларды іске асыру жұмыстарына тоқталды.

Оның айтуынша Ұлттық жобалар бірнеше қағидатты қамти отырып, жобалық тәсілді пайдалану арқылы іске асырылады.

Нәтижені көздеу, күтілетін нәтижеге қол жеткізуге дербес жауапкершілік, барлық қызығушылық танытқан тараптың жобаны іске асыруға тартылуы басты назарға алынады. Енді мемлекеттік органдар меморгандардың, сараптамалық қауымдастық пен қоғам өкілдерінің тікелей қатысуымен бірлескен кросс-функционалдық жобалық командаларды қалыптастырады, - деп атап өтті департамент директоры.

Сонымен қатар жаңа ұйымдастырушылық мәдениет пен мемлекеттік басқарудың жобалық-желілік моделі заманауи технологияларға негізделген.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың 44 жобалық офисінен тұратын жобалық басқарудың бірыңғай экожүйесін қалыптастыру аяқталуға жақын. Ұлттық жобаларды іске асыруды мониторингілеу офисі жұмыс істеп тұр, - деді Илона Шварцкопф.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық жобалар тәуелсіз сарапшыларға зәру екендігі туралы жазған болатынбыз.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы