Екі Аидамен де сөйлесіп, келісімге келдік – Алексей Цой

11 Шілде 2020, 17:29
6133
Бөлісу:
Екі Аидамен де сөйлесіп, келісімге келдік – Алексей Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде науқастарға дәрі-дәрмек жетіспей жатыр деп үндеу жолдаған Аида Боқаеваға ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.

Достар, Facebook-те Аида Боқаеваның үндеуін көрдім. Желі қолданушылары оның байланыс нөмірін тауып берді. Телефон шалдым. Ол бірнеше айдан бері ауруханалардағы дәрігерлерге қолдау көрсетіп, науқастарға қамқорлық жасап, едендерді жууға және сусындарды әкелуге ерікті түрде көмектесіп жүр. Ауру ошағының ортасында болып, ол біздің дәрігерлердің қалай ерлікпен жұмыс істейтінін, сонымен қатар, жұмыста кездесетін мәселелердің нақты көрінісін көрді. Мұндайға бейжай қарамайтын адамдар маған халыққа жағдай қалай болып жатқанын көрсету, емдеу бойынша ұсынымдар және дұрыстап көмек көрсету туралы өтініштерін айтады, - дейді Алексей Цой.

Ол медициналық мекеме ішінде не болып жатқанын қарайтын, тәуелсіз адамдардан халықтық бақылау құрамыз деп келістік деп отыр. 

Бұл жағдай қалай болып жатқанын бағалау үшін, қалай көмектесуге болатыны туралы ұсыным жасау, дәрі-дәрмек жеткілікті ме екенін бақылау, науқастарға қалай қызмет көрсетілетінін қарау, басшылық ұжым мен науқастарға қалай көңіл бөлетінін бақылау үшін керек. Егер қажет болса, қатаң шаралар қабылдаймыз. Әсіресе, дәрілерді алыпсатарларға қатысты, - дейді министр.
Оның айтуынша, Аида бұл бағыттағы жұмысты өзіне алуға келіскен және аймақтарға баруға дайын екенін айтқан.  
Сондай-ақ, біз өңірлерде осындай жұмысқа атсалысуға дайын мейірімді адамдарды іздеудеміз. Елдегі волонтерлар тобы осы жобаға қатысуға ниетті екендіктерін білдірді. Біз медициналық ұйымдарға қолжетімділікті қамтамасыз етеміз. Сосын нәтижелерге қарай отырып, шешімдер қабылдаймыз. Көрсеткіштерге сүйене отырып, жағдайды жақсарту үшін Аида бұл бағытты қабылдауға келісті және аймақтарға баруға дайын, - дейді Алексей Цой.

Сонымен қатар, ол Аида бұл әрекетті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, оны халыққа жеткізуді өтінгенін айтты.  

Мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен сөйлестім. Ол қолдау көрсетуге уәде берді. Енді біз үнемі байланыста болатын үйлестірушіні табамыз, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы