Бас жаңалықтар
ЕАЭО жұмысы аясында бюджетке 322,4 млрд теңге түсті – Қаржымин
18 Мамыр 2021, 13:17 1385

ЕАЭО жұмысы аясында бюджетке 322,4 млрд теңге түсті – Қаржымин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Қазақстан: ағымдағы интеграция процестері» тақырыбында өткен брифингте Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев айтты.

Оның сөзінше, одақ 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Өткен алты жылдық кезеңде Еуразиялық экономикалық одақ өзінің дамуында елеулі кезеңнен өтті және белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді.

Соңғы жылдары Одақта кедендік әкелу баждары түсімдерінің өсу серпіні байқалады. 2020 жылы да солай болды. Өткен жылы 322,4 млрд теңге түсті, оң сальдо 77,3 млрд теңгені құрады, - деп айтты вице-министр.

Вице-министр баяндағандай, Қазақстан импорты 2020 жылы ұлғайған Одаққа мүше жалғыз мемлекет болды.

Біздің еліміз Одақ жұмысы шеңберінде бюджетке қосымша 390 млрд теңгеден астам қаражат алып, осындай түсімдердің оң сальдосына ие болды. Сонымен қатар 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының негізгі нәтижелерінің бірі Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі Cтратегиялық бағыттарын бекіту болды, - деп Қаржы вице-министрі ОКҚ-да түсіндірді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...