ЕАЭО 2024 жылы жаңа халықаралық келісімге келеді

14 Қазан 2021, 18:01
5792
Бөлісу:
ЕАЭО 2024 жылы жаңа халықаралық келісімге келеді

Нұр-Сұлтан BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Беларусь Президенті Александр Лукашенко мәлімдеді.

Лукашенко 2024 жылы мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы бойынша жаңа келісімге келетіндерін айтты.

ЕАЭО-ның газ, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі халықаралық шарттар кезінде одақтағы әрбір мемлекеттердің қызғушылықтарына да мән беріледі. Осы арқылы ЕАЭО-ны тұрақтылықпен мызғымас одаққа айналдырамыз, - дейді Лукашенко.
Сонымен қатар ол ЕАЭО-дағы бірліктікті сақтаудың бірден-бір жолы бірлескен стратегиялық жобалардың дер кезінде іске асырылуы екенін айтты. 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ аясында трансшекаралық көлік артериялары мен логистикалық хабтардың әлеуетін дамытуға шақырды.

Трансшекаралық көлік артериялары мен логистикалық хабтардың әлеуетін дамыту маңызды. Еуразиялық экономикалық одақтың «Белдеу-Жол» бастамасымен бірігуі және заманауи логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру одақтың әлемдік тауар ағындарына экономикалық әсерін едәуір арттырады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Лукашенко ЖЕЭК отырысында қабылданатын ең маңызды құжатты атаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы