Александр Лукашенко ЖЕЭК отырысында қабылданатын ең маңызды құжатты атады

14 Қазан 2021, 17:44
2480
Бөлісу:
Александр Лукашенко ЖЕЭК отырысында қабылданатын ең маңызды құжатты атады

Нұр-Сұлтан BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлім етті. 

Оның айтуынша, кеңестің басты мақсаттарының бірі - экономикалық аспектілерді талқылау. 

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттерде өзекті мәселелер көп. Бұған дейінгі қыркүйек айларында өткен конференцияларда ішкі саясатқа көңіл бөлген болатынбыз. Бүгін экономикалық аспектілерді талқылайтын тамаша мүмкіндік. Тақырып аясында ең маңызды мәселелерге тоқталамыз деген ойдамын, - дейді Александр Лукашенко.
Беларусь басшысының мәлімдеуінше, одақ талдау барысында мемлекеттер арасында газ жеткізу нарығының қалыптасуы жөнінде келісімдер қозғамақ. 

Кең өткізілетін кездесуімізде негізгі құжаттардың бірін қабылдауға тиіспіз. Бұл - мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын құрудың екінші кезеңіне өту. Жоба 2023 жылға дейін іске асырылатын болады, - дейді Беларусь президенті.

Өзгелердің жаңалығы