Еңбегіне берілген әділ баға – Дархан Матаев

23 Наурыз 2019, 19:01
2059
Бөлісу:
Еңбегіне берілген әділ баға – Дархан Матаев

Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді. «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы Есіл ауданына қарасты «Қазақстан темір жолы» АҚ ҰК бастауыш партия ұйымының хатшысы Дархан Матаев бұл шешімді Елбасы еңбегіне берілген лайықты баға деп санайды.

«Ақмоланың атауы Астана болып өзгерген уақыт көбіміздің есімізде. Ол кезде де «бұл – айтуға ыңғайсыз атау», «Астананы «Астана» деуіміз қалай?» деген сияқты пікірлер болған. Кейін халық тез үйренісіп, күмәндар сейілді. Сөйтіп, жаңа атау қалыптасып, көңілге қонып, санаға сіңіп кетті. Бүгінде бас қаламыз халықаралық аренада Қазақстанның бренді ретінде танымал. Осы жетістігіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты», – дейді Дархан Матаев.

Оның түсінігінде Елбасы – миллиондаған қазақстандықтың үмітін, сенімін ақтай білген тұлға.

«Елдің әлеуетін арттыруға көп еңбек сіңірді. Біз соны бағалап, астанамызға Нұр-Сұлтан атын беріп жатқанымыз өте дұрыс қадам деп есептеймін. Біз астанамызды Алматыдан кімнің бастамасымен ауыстырдық? Әрине, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген шешімімен көшірілген еді. Сондықтан, Елордаға Елбасының есімін бергеніміз жарасымды іс, еңбегіне берілген әділ баға», – дейді Дархан Матаев.

Өзгелердің жаңалығы