Димаш экшн-фильмдер апталығының ашылуында өнер көрсетті

22 Шілде 2019, 12:54
1730
Бөлісу:
Димаш  экшн-фильмдер апталығының ашылуында өнер көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джеки Чан әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды. 

Әлеуметтік желіде Джеки Чанның халықаралық  экшн-фильмдері апталығының дайындығында түсіріліген видео жарияланған. Видеода қытайлық актердің Димаштың жоғары ноталарды алуына таңғалып, ұйып тыңдап отырғанын көруге болады. 

Естеріңізге сала кетейік, жексенбі күні Димаш Құдайберген Қытайдың Датун қаласында Джеки Чанның халықаралық экшн-фильмдер апталығының ашылуында өнер көрсетті. 

Фестивальде Димаш үш композицияны орындады: The Crown, Screaming және Unforgettable Day. Соңғы әнді ол тайваньдық әнші Терри Линмен дуэт болып айтты. Бұл туралы Құдайбергеннің фейсбук парақшасындағы жанкүйерлер клубы жазды.  

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Джеки Чанның фильмдер апталығына қатысатыны хабарланған болатын. Джеки Чанның V жыл сайынғы фильмдер апталығы шілденің 21-нен 27-сіне аралығында Шаньси провинциясындағы Датун қаласында өтіп жатыр. 




Өзгелердің жаңалығы