Бас жаңалықтар
Досаев: Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленеді
28 Қаңтар 2020, 10:34 342

Досаев: Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көлеңкелі экономикамен күрес және қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың үлесін арттыру мәселесі Ұлттық банкітің негізгі міндеті болып саналады. Бұл орайда биылғы жылғы 1 қазанға дейін ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленеді. 

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына сәйкес біз үкіметтің, Ұлттық банктің және қаржы нарығын реттеу агенттігінің тиісті іс-шаралар жоспарын келістік, - деп өз сөзін бастады Ұлттық банк төрағасы. 

Ол бекітілген іс-шаралар шеңберінде қандай жұмыстар атқарылатынын баян етті. 

Көлеңкелі экономикамен күрес және қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың үлесін арттыру мәселесі Ұлттық банкітің негізгі міндеті болып саналады. Ұлттық банк алға қойылған мақсаттарға жету үшін Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі және Үкіметпен бірлесіп, 2020 жылғы 1 қазанға дейін Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлейді. Ұлттық төлем жүйесі барлық мүдделі тараптар үшін өзара тиімді негізде құралатын болады, - деді Ерболат Досаев. 

Ведомство басшысы ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру, инфляциялық күтілулерді тұрақтандыру және экономиканы ұзақ мерзімді қорландыруды қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың наурыздың соңына дейін Ақша-несие саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясының жобасын әзірлейтінін хабарлады.

Сараптамалық талқылаудан кейін, меморгандармен келісіле отырып жоба 1 шілдеге дейін Ұлттық банк басқармасына ұсынылатын болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...