Допинг дауы: Елімізде бірқатар ауыр атлетика жаттықтырушысы қызметінен шеттетілді

14 Қаңтар 2020, 18:47
2613
Бөлісу:
Допинг дауы: Елімізде бірқатар ауыр атлетика жаттықтырушысы қызметінен шеттетілді

Алматы, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан еліміздің үш бапкері допингке қарсы ережені бұзғаны үшін кәсіби қызметінен шеттетілді. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика федерациясы хабарлады.

Бүгін Алматы облысындағы "Ақбұлақ" спортық-сауықтыру кешенінде Ауыр атлетика федерациясы тәртіптік комиссиясының жиыны өтті. Күн тәртібінде 2019 жылы допингке қарсы ереженің бұзылуы және бапкерлердің жауапкершілігі қаралды.

Жиын нәтижесінде Алматы қаласындағы республикалық спорт пен олимпиадалық резервтегі колледжінің жаттықтырушысы Айбол Көлбаев, "Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған республикалық мектеп-интернат – колледжінің жаттықтырушысы Талғат Әбен 4 жылға кәсіби қызметінен шеттетілді, сондай-ақ Шымкент қаласындағы №20 ауыр атлетикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жаттықтырушысы Славик Ню бір жылға шеттетілді.

Қазақстанның допингке қарсы ұлттық орталығы бұл үш маманның да тыйым салынған препараттарды қолданып, таратқанын дәлелдеген.

Тәртіп комиссиясының міндеті әр жағдайға жаттықтырушылардың әрекетіне қарай баға беру. Федерация допингке қарсы ереже бойынша барлық келеңсіз жайтты қарайды. Басты міндет - спорттық нәтиженің республикалық және халықаралық деңгейде таза болуын қаматмасыз ету, - дейді Ауыр атлетика федерациясы директорының міндетін атқарушы Алдияр Нұралинов.

Өзгелердің жаңалығы