Дина Жоламан Қазақстан чемпионатының 10 дүркін жеңімпазы атанды 

29 Қараша 2020, 13:44
1849
Бөлісу:
Дина Жоламан Қазақстан чемпионатының 10 дүркін жеңімпазы атанды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Шымкентте өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақтағы финалдық кезең аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz. 

 Бұл салмақтағы ақтық сында Ақмола облысының боксшысы Дина Жоламан мен Алматы облысының өкілі Балауса Мұздиман кездескен болатын. 

 Тартысты жекпе-жекте 2016 жылғы әлем чемпионы, тәжірибелі Дина Жоламан жеңіске жетті. 

Бұл Динаның ел чемпионатындағы оныншы алтын жүлдесі екенін айта кету керек.  54 келідегі қола жүлдені Дәметкен Келімбет (Қызылорда облысы) пен Әйгерім Ошақбай (Жамбыл облысы) иеленді.

Өзгелердің жаңалығы