Димаштың COVID-19-бен күрес туралы әні музыкалық рекордты жаңартты

19 Мамыр 2020, 05:31
3104
Бөлісу:
Димаштың COVID-19-бен күрес туралы әні музыкалық рекордты жаңартты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің We Are One ("Біз бірміз") әні қытайлық QQ Music музыка платформасында алтын сертификат иеленді.

COVID-19-бен күреске арналған сингл 100 млн астам тыңдалым жинаған. Әншінің ресми YouTube арнасында пайда болған музыкалық видеоны көрермендері жақсы қабылдады.

Димаш Құдайберген We Are One әнін коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлерге және оқшауланып отырған адамдарға арнаған.
Бүкіл әлем коронавирус індетімен күрескен күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Тек қорқынышты ауруға қарсы бір-біріне көмектесіп, осы ауыр уақытта COVID-19-ды жеңуге болады. Бұл ән індетке қарсы күрестің басты майданындағы дәрігерлерге және оқшауланған барлық жанға арналған, – деп жазды Димаш Құдайберген әлеуметтік жеілдегі жеке парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы