Бас жаңалықтар
Димаш пен Данэлияның америкалық шоудағы қарсыластары анықталды
16 Ақпан 2019, 15:38 680

Димаш пен Данэлияның америкалық шоудағы қарсыластары анықталды

Астана, BAQ.KZ. Интернет желісіне америкалық телевизиялық The World"s Best таланттар  шоуының алдағы шығарылымының анонсы жарияланды.


Анонс ролик кадрынан қазақстандық орындаушылар Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешованың шоудағы қарсыластарының кімдер екенін көруге болады. 

Алдағы турда Димаш Құдайберген мен католик монах әйел Кристина өзара мықтыны анықтайды.  Ал Данэлия Тулешова музыкалық батлда бір қолды скрипкашы Манами Итомен күш сынасады.

The World's Best бағдарламасының қазақстандық орындаушылардың қатысуымен өтетін екінші шығарылымы 20 ақпанда Астана уақытымен сағат 8.00-де америкалық CBS арнасынан көрсетіледі.  

Еске сала кетсек, конкурстың алғашқы турында жас әнші Данэлия Төлешова 96 ұпай алды. Ал Димаш Құдайбергеннің өнерін қазылар 98 ұпайға байғалады.

Димаштың қарсыласы монах әйел Кристина 1988 жылы Италияда дүниеге келген. 2014 жылы The Voice of Italy шоуына қатысып, финалда жеңіске жетті. 

Манами Ито - жапон скрипкашысы. Ол бір қолы жоқ болса да протезбен музыкалық аспапта ойнайды. Ол екі рет Паралимпиадаға қатысқан. Бұдан бөлек ол медбике болып жұмыс істеп, бір қызды тәрбиелеп отыр.

Сізден жаңалық