Бас жаңалықтар
Димаш: Мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді
08 Желтоқсан 2019, 09:30 2479

Димаш: Мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген Ресейде "Жылдың ең үздік әншісі" атанды. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Қымбатты достар, сіздер екі күн бұрын Ресейдің ұлттық музыкалық "Виктория" сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанымды білесіздер, мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді, бүгін "Жыл әні" сыйлығында мен Ресейдегі "Жылдың ең үздік әншісі" деген тағы бір марапатқа ие болдым. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге және Ресей халқына рахмет. Мен сiздердi жақсы көремін. Жеңісімді барша Қазақстандықтардың және барлық #dears-тардың құрметіне арнадым - деп жазды әнші.

Естеріңізде болса, бұған дейін біз Димаш Ресейдің «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғаны туралы жазған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...