Димаш Құдайбергеннен Рухияға дейін: «Славян базары» - қазақстандықтар үшін жемісті фестиваль

21 Шілде 2021, 18:02
1286
Бөлісу:
Димаш Құдайбергеннен Рухияға дейін: «Славян базары» - қазақстандықтар үшін жемісті фестиваль
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да Витебскте өткен «Славян базары-2021» халықаралық өнер фестивалінің гран-при иегері - Рухия Байдүкенованың жеңісіне арналған брифинг өтті. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов «Славян базары» қазақстандықтар үшін жемісті фестиваль екенін айтты.

Қасиетті Құрбан айт мерекесі, сондай-ақ Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында қуаныш сыйлаған жұлдызымыз - Рухия Байдүкенова. Рухия Витебскіде өткен «Славян базары-2021» фестивалінде бас жүлде иеленіп, отандастарын қуантты. Сондықтан барша қазақстандықты осы жеңіспен құттықтағым келеді, - деп бастады өз сөзін МСМ өкілі. 

Димаш Құдайбергеннен Рухияға дейін: «Славян базары» - қазақстандықтар үшін жемісті фестиваль

Сондай-ақ вице-министр Мәдениет және спорт министрлігі атынан Рухияға да алғысын білдірді.

Бұл – үлкен жетістік. «Славян базары» - қазақстандықтар үшін жемісті фестиваль. Себебі 2015 жылы Димаш Құбайбергеннен бастап талай өнерпаздарымыз осы фестивальде жеңімпаз аталып келеді. Атап айтсақ, Әділхан Макин, Луиза Нұрқуатова, Дәурен Оразбеков сияқты өнерпаздарымыз жүлдегер атанды. Бұл жұлдыздарымыз қазақ өнері мен мәдениеті саласында қызмет жасап жатыр. Еліміздің мәдениет әлемге танытып жүр. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Бұл жолды Рухия қызымыздың жалғастыруы – біз үшін үлкен жетістік, - деп айтты Нұрқиса Дәуешов. 

Димаш Құдайбергеннен Рухияға дейін: «Славян базары» - қазақстандықтар үшін жемісті фестиваль

Министр бұл – қажырлы еңбектің, таланттың арқасында болатын дүние екенін айтты.

Димаш Құдайбергеннен Рухияға дейін: «Славян базары» - қазақстандықтар үшін жемісті фестиваль


 

Еске сала кетейік, Витебскте өткен «Славян базары» байқауының гран-при жүлдесін қазақстандық әнші Рухия Байдүкен алған болатын.

Бүгін жеңімпаз Рухия Байдүкенованы көпшілік әуежайдан күтіп алды.


 


 

Өзгелердің жаңалығы