Бас жаңалықтар
Депутат жанармайдың қымбаттауына қатысты сауал жолдады
14 Сәуiр 2021, 12:19 256

Депутат жанармайдың қымбаттауына қатысты сауал жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Альберт Рау жанармайдың қымбаттауына қатысты депутаттық сауал жолдады.

Біздің депутаттық сауал соңғы кездері жанармай бағасының қымбаттауына қатысты болып отыр. Мәселен, жыл басынан бері АИ-92 маркалы жанармайының литрі Алматыда 150 теңгеден 168 теңгеге қымбаттаса, Нұр-Сұлтанда 170 теңгеге, Ақтауда 172 теңгеге, Атырауда 200 теңгеге қымбаттады. Егер осыған дейін мұндай бағаларды құзырлы ведомстволар импорттық тәуелділік пен мұнай-газ зауыттарындағы құрылыспен байланыстырса, қазір «Тараз» МӨЗ-дегі апаттық тоқтаумен байланыстырып отыр, - деді ол.

Альберт Рау мұндай жағдай болғанның өзінде көлік жүргізушілері зардап шекпеуі керек екенін айтты.

Сондай-ақ жанармайдың қымбаттауы қызметтердің бағасы мен тауарлардың бағасына әсер етеді. Бұл жерде де қарапайым тұтынушылар зардап шегеді. Жанармайдың қымбаттауына қатысты жаңалықтар шыққан соң, Энергетика министрлігі жанармайдың бағасын реттемейтінін айтты. Мұндай мәлімдемені құзырлы министрліктен есту орынсыз, - деді Рау.

Депутат Үкімет тез арада ЖЖМ нарығындағы бағаны тұрақтандыру бойынша жедел шаралар қабылдау керегін жеткізді.

Үкімет жанармай бағасын реттейтін тиімді тетіктерді қабылдауы керек. ЖЖМ нарығында бағалық келісім мен құнына қатысты зерттеу жүргізу керек, - деді Альберт Рау.
Бұған дейін Қазыбек Иса еліміздегі барлық қала орталығынан Әлихан Бөкейханның атына көше беруді ұсынды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...