Депутат шекара маңындағы аумақ тұрғындарын қолдау қажеттігін айтты

13 Қаңтар 2022, 11:21
1305
Бөлісу:
Депутат шекара маңындағы аумақ тұрғындарын қолдау қажеттігін айтты
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Ольга Булавкина еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдап, шекара маңындағы аумақтарды дамыту проблемалары туралы айтты.

Депутат қаңтардағы қайғылы оқиғаларды ескере отырып, бұл мәселені шешудің аса маңызды екеніне Үкімет басшысының назарын аударды. 
Ольга Булавкинаның айтуынша, шекаралас аумақтарда 1,5 млн-нан астам адам тұрады және бұл көрсеткіш жыл сайын азайып келеді. Оған мектептер мен балабақшалардың жабылуы, агроөнеркәсіп кешенінің кенжелеп қалуы, кәсіпкерлік әлеуеттің, инфрақұрылым мен тұрғын үйдің болмауы себеп болып отыр.

Жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар мен қандастарға шекара маңындағы аумақтардың тартымдылығын күшейту мақсатында оларға тұрғын үй сатып алу мен жалға алуға субсидияны ұлғайтып, сондай-ақ оларға материалдық көмек мөлшерін отбасы мүшелерінің санына қарай 30-38 АЕК-ке дейін ұлғайту керек, - деп ұсынды сенатор.

Сонымен қатар қоныс аударушылар үшін жаңа тұрғын үй салуға және қолданыстағы ғимараттарды тұрғын үйге қайта жаңартуға арналған шығыстарды жұмыс берушілердің өтеуі де ұсынылып отыр. Сенаторлардың ұсынысы халықтың көшіп кету проблемасын шешуде де маңызы.

Біріншіден, тиісті аумақтарда өңірлерді дамыту аясында қызмет атқаратын кәсіпкерлерге арнайы салық жеңілдіктері мен преференцияларды қолдану керек, ол шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді және еркін экономикалық аймақтар үлгісі бойынша стартаптарды іске асыруға серпін береді. Екінші, 2%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша жеңілдікті несие беруді пайдалану. Үшіншіден, еңбек өтілінің есептелуін 1,5-ке  арттыру коэффициентін енгізу, бұл еңбек күші артық өңірлерден еңбекке қабілетті қоныс аударушылардың қосымша ағынын тартуға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған барлық шаралар шекара маңындағы аумақтарды дамытуға ынталандырады, еңбек ресурсының аумақтық ұтқырлығын арттыруға, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін бюджет қаржысын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, - деп атап өтті сенатор Ольга Булавкина.

 

Өзгелердің жаңалығы