Денис Теннің соты: Айыпталушылар 20 жылға сотталуы мүмкін

16 Қаңтар 2019, 13:35
1932
Бөлісу:
Денис Теннің соты: Айыпталушылар 20 жылға сотталуы мүмкін

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот жалғасуда. 

Сот отырысында прокурор Қуандық Досов пен мемлекеттік айыптаушы Ерлан Сержанов күдіктілердің кінәсі толығымен дәлелденгенін айтып, қылмыскерлерді 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокурор алдын ала келісіп ұрлық жасау және адам өлтіру бойынша айыпталған Арман Құдайбергенов пен Денис Тенге пышақ салды деген Нұралы Қиясовты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ал, қылмысты жасырып қалды деп айыпталған Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Өзгелердің жаңалығы