ДДСҰ COVID-19-ға қарсы вакцинаның жасалатынына күмән келтірді

26 Маусым 2020, 12:03
1091
Бөлісу:
ДДСҰ COVID-19-ға қарсы вакцинаның жасалатынына күмән келтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус ғалымдар коронавирусқа қарсы тиімді вакцина әзірлей алатынына күмән келтірді. Бұл туралы ол 25 маусымда ЕО Парламентінің Денсаулық сақтау комитетіне мәлім етті, деп хабарлайды ВВС.

Ғалымдар COVID-19-ға қарсы тиімді вакцина жасай алатынына кепілдік жоқ. Бізде вакцина болады деп сеніммен айту өте қиын болар еді, - деп атап өтті ДДСҰ басшысы.

Сонымен қатар, Гебрейесус вакцина әзірленсе де, оны қолданысқа енгізу үшін бір жылдай уақыт керек, яғни, вакцина бір жыл бойына қолжетімді болмауы мүмкін деп санайды.

Бұдан бұрын ДДСҰ 2020 жылдың соңына дейін COVID-19-ға қарсы вакцинаның жүздеген миллион дозасын алуға үмітті екені хабарланған болатын.
Өзгелердің жаңалығы