Бас жаңалықтар
DariKZ мобильді қосымшасы арқылы дәрі-дәрмек туралы ақпарат алуға болады
18 Шілде 2019, 16:15 206

DariKZ мобильді қосымшасы арқылы дәрі-дәрмек туралы ақпарат алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда дәрі-дәрмекті іздеу мен оның құрамымен танысуға арналған жаңа мобильді қосымша іске қосылды.

"Қосымшаны бір жыл орталық қызметкерлері әзірледі. Бұл мобильді қосымша арқылы кез келген жерде смартфон арқылы ел аумағында сатылатын барлық дәрі-дәрмек туралы оның шығу мерзімі, қолданылуы, адам ағзасына тигізетін кері әсері секілді толық ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде алуға, дәрінің түпнұсқалығын тексеруге болады», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры - басқарма төрағасы Ержан Жүнісов.

Ол мобильді қосымшада Қазақстан аумағында тіркелген 7 мыңнан астам дәрінің түрі енгізілгенін атап өтті. DariKZ мобильді қосымшасын Play Market және App Store арқылы жүктеуге болады. Қосымша арқылы дәрі-дәрмектің бағасын біліп және басқа жерлермен салыстыру мүмкіндігі бар. 

"Комитеттен ешқандай қосымша қаражат бөлінбеді. Өзіміздің мамандар жасап шығарды. Сіз өзіңізге қажетті дәрінің бағасын, қайда сатылатынын да біле аласыз. Ол үшін атауын немесе оның тіркеу нөмірін терсеңіз жеткілікті", - деді ол. 

Ержан Жүнісов болашақта қосымша арқылы азаматтар шағымдана алатынын айтты.

Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық