Дәрігерлер қателесіп, жүкті әйелге аборт жасап тастаған

25 Қыркүйек 2019, 16:56
6439
Бөлісу:
Дәрігерлер қателесіп, жүкті әйелге аборт жасап тастаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сеулдік дәрігерлер жоспарлы қарап тексерілуге келген жүкті әйелге қателесіп аборт жасаған, деп хабарлады CNN телеарнасы.

Клиника дәрігерлері екі пациенттің медициналық карталарын шатастырып, жүктілігіне 6 апта толып, жоспарлы түрде тексерілуге келген әйелге наркоз салып, операция жасап тастаған.

Айта кетерлігі, не дәрігер не медбикелер емшараның алдында пациенттің толық аты-жөнін сұрап, анықтап алмаған. Наркоздан кейін әйел есін жиып, өз-өзіне келіп бастағанда, оған аборт жасап тастағанын түсінген.

Клиника қызметкерлері өзінің кінәсін толық мойындап, қазіргі уақытта тергеуге алынған. Олар пациенттің өміріне немқұрайлы қарады деп айыпталуда.

Оңтүстік Кореяның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, елде аборт жасау заңмен қудаланып, заңсыз әрекетке жол берген адам бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

Өзгелердің жаңалығы