Бас жаңалықтар
Дәрігерлер көпірде жол апатынан аман қалған қыздың жағдайы туралы айтты
04 Қазан 2021, 10:44 1547

Дәрігерлер көпірде жол апатынан аман қалған қыздың жағдайы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы көпірдегі апаттан аман қалған жалғыз қыздың жағдайы туралы айтты.

Академик Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында ем алып жатқан қыз палатаға ауыстырылған.

Қыздың жағдайы тұрақты. Бүгін оны палатаға ауыстыру жоспарлануда, - деп атап өтті дәрігерлер.

Еске салсақ 30 қыркүйекке қараған түні сағат 00:34-те Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай келе жатып, жылдамдық режимін сақтамай, рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан жол апатынан 5 адам қаза тауып, 1 адам зардап шеккен еді.

Кейінірек дәрігерлержол апатынан аман қалған қыздың омыртқасы сынғанын хабарлаған еді.

Оған шұғыл түрде ота жасалған еді.



Фото: дереккөз
Загрузка...