Бас жаңалықтар
Дәрігерге коронавирус жұқтырып ауырса 2 млн, қайтыс болса 10 млн теңге төленеді
30 Наурыз 2020, 17:47 367

Дәрігерге коронавирус жұқтырып ауырса 2 млн, қайтыс болса 10 млн теңге төленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус жұқтырған дәрігерге 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының тікелей эфирінен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

Үкімет басшысы медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған орай, медицина қызметкері коронавирустық инфекциямен ауырған жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем көлемі 2 млн теңгені, ал көз жұмған жағдайда 10 млн теңгені құрайтын болады. Бұл жаңалық тек дәрігерлердің ғана емес, барша қазақстандықтардың рухын көтеріп, көңілін серпілтеді деп ойлаймыз, - дейді  Дәурен Абаев.

Ол қазір күрделі де қиын уақыт екендігін бірақ бұл қиындықтан қашу, еңсені түсіру дегенді білдірмейді деп айтты.

Елімізде күн сайын жүздеген волонтерлер, меценаттар қайырымдылық жасауда. Өнер адамдары онлайн-концерт беруде. Одан басқа да мейірімділік мысалдары көп. Осының барлығы рухымыздың мықтылығын дәлелдейді. бұл шараға бизнес өкілдері де атсалысуда. Бір мысал келтірейін, "Кар-Тел", "Кселл", "Мобайл Телеком-Сервис" компаниялары коронавируспен күресіп жатқан барлық дәрігерлерді тегін ұялы байланыспен қамтамасыз етті. Төтенше жағдай кезінде елімізде 20 мыңнан астам медицина қызметкерлеріне тегін байланыс және интернет пакеті берілді, - деді министр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...