Үсік, тұман және найзағай: 27 қыркүйекте барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер жаңбыр, тұман, найзағай және үсік болатынын ескертті.

 pixabay 26 Қыркүйек 2026, 21:21
26 Қыркүйек 2026, 21:21
183
Фото: pixabay

27 қыркүйекке Астана қаласы мен Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер жаңбыр, найзағай, тұман және кей жерлерде үсік болатынын болжады. Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде түнде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Батыс, шығыс және орталықта өрт қаупі жоғары, солтүстік пен оңтүстікте төтенше деңгейде болады. Көкшетауда түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіліп, төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысында түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың солтүстігінде түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде түнде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Өңірде өрт қаупі жоғары, ал солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше деңгейде сақталады. Павлодарда түнде және таңертең тұман түсіп, түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың шығысында түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтіледі. Солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстікте өрт қаупі жоғары, ал батыс, солтүстік және орталықта төтенше деңгейде болады. Қарағандыда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Таулы аудандарда түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Шығыс және орталықта өрт қаупі жоғары, ал батыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстікте төтенше деңгейде сақталады. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.

Абай облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысы мен орталығында түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Солтүстік пен орталықта өрт қаупі жоғары, ал солтүстік-батыс, оңтүстік және шығыста төтенше деңгейде болады. Семейде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Алматы облысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында қауіп жоғары деңгейде болады. Алматы мен Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында күндіз өңірдің шығысында солтүстік-шығыстан соғатын жел күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысы, солтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, орталықта өрт қаупі жоғары деңгейде болады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың солтүстігінде түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Шығыста өрт қаупі жоғары, ал батыс, оңтүстік, солтүстік-шығыс және орталықта төтенше деңгейде болады.

Атырау облысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, оңтүстігінде төтенше деңгейде болады. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Батыс, солтүстік және орталықта өрт қаупі жоғары, солтүстік-шығыста төтенше деңгейде болады. Ақтауда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Наверх