Данияр Елеусінов титул үшін жұдырықтасады

26 Ақпан 2020, 17:01
2792
Бөлісу:
Данияр Елеусінов титул үшін жұдырықтасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегі 17 сәуірде АҚШ-тың Оксон Хилл қаласында өтеді. 

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін 28 жастағы Олимпиада чемпионы бірінші титулды жекпе-жегін өткізуі мүмкін. Жекпе-жектің мән-жайын Vesti.kz тілшісіне менеджер Зия Әлиев айтып берді.

Он раундты жекпе-жек болады. IBF, WBA, WBO немесе WBC ұйымдарының аймақтық белбеуі ойнатылатын шығар. Әзірге қарсылас жоқ. Бірнеше боксшымен келіссөз жүргізіп жатырмыз - жекпе-жек күні мен уақыты белгіленгенін күттік, - дейді Әлиев. 

Еске салайық, Елеусінов соңғы рет рингке былтыр желтоқсанда шығып, америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Өзгелердің жаңалығы