Дана Нұржігіт Алматы тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

15 Мамыр 2022, 09:16
1574
Бөлісу:
Дана Нұржігіт Алматы тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Сенат депутаты Дана Нұржігіт "Ата-ана – Ұлттың ұясы" атты республикалық форумға қатысты. 

Шарада қоғамда ата-ана мәдениетін қалыптастыру, ата-аналардың педагогикалық, психологиялық сауаттылығын арттыру, отбасылық құндылықтарды ілгерілету, білім беру, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

Дана Нұржігіт өз сөзінде Конституцияға ұсынылған түзетулердің маңызы туралы айтып, осыған байланысты еліміздің әрбір азаматының алдағы референдумға қатысуының мәні ерекше екенін атап өтті.

Жаңа Қазақстан" тұжырымдамасының міндеті – саналы, білімді ұрпақ қалыптастыру екені айқын. Осыған байланысты референдум жаңа Қазақстанды қалыптастырудың заңнамалық негізі болып табылады, - деп атап өтті сенатор.

Шараға еліміздің Білім және ғылым министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің басшылығы, Президент Әкімшілігінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы