Бас жаңалықтар
Дәленов КВИ-ге қарсы вакцинация паспортында қандай қателік тапқанын айтты
15 Мамыр 2021, 17:31 351

Дәленов КВИ-ге қарсы вакцинация паспортында қандай қателік тапқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономиканың экс-министрі Руслан Дәленов вакцинациялау паспортының электронды нұсқасынан қате тауып алды.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Дәленов қатенің скриншотын жасап, coronavirus сөзінде «о» әрпі жазылып кеткенін атап өтті.


Коронавирус сөзі «о» әрпімен жазылып кеткенін енді байқадым. Мынандай паспорт. Осылай шетелдік достарымызға көрсетеміз, - деп жазды ол.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ zakon.kz жіберген сауалға жауап беріп, eGov Mobile-дағы деректер ҚР ДСМ Вакцинация модулінен келетінін хабарлады.

Кейіннен zakon.kz редакциясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне де сауал жіберіпті.

Айта кетейік, вакцинация паспортында үш тілдегі ақпарат болады: адамға қандай препарат салынды, қандай дозада салынды және қашан салынды. Құжатты сұратқан жерге көрсетуге болады, ал оны QR-код арқылы ашуға болады.

Цифрлық құжаттарда паспорт тек вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін ғана көрінеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...