Алматыда 15 мың адам ЖРВИ жұқтырған

Бөлісу:
Алматыда 15 мың адам ЖРВИ жұқтырған
Фото: BAQ.KZ - архив

Мегаполисте А/H3N2 типті (Гонконг) тұмауымен ауырған 232 адам тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

Өткен 17 аптада ЖРВИ-ның 15 236 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 683,35 құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 18,6%-ға жоғары. Эпидемиологиялық маусымда А/H3N2 типті тұмаудың 232 расталған жағдайы тіркелді. Барлық пациенттерге емдеу тағайындалды,- дейді Қасымхан Алпысбайұлы.

Өзгелердің жаңалығы